Әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі болады

0
Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 “Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы” жарлығына толықтыру енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 “Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы” жарлығына (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: “2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар” деген тарауда: “Б” корпусы” деген бөлімде: D санаттарының тобы D-2 санатында: “Тексеру комиссиясының мүшесі” деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: “Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі”. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген құжатта.

 

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz