Әкім түрмеден босатылса, орынбасары абақтыға жабылды: Алматыда Алатау ауданында ақша жымқырған шенеуніктердің соты өтті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда жемқорлыққа қатысы бар күдігімен ұсталған Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алатау ауданы

Бұл туралы Алматы қалалаық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімінің 1,2 тармағымен айыпты деп танылып, тонаған қаражатты 10 еселенген түрде қайтаруға міндеттелді. Түпкілікті жаза ретінде оған 40 406 250 теңге көлемінде айыппұл салынды», — делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса енді ол мемлекеттік қызметкер бола алмайды. 

Судья Шахмерден Рыспаевқа тағайындалған жазаны өзгертіп, қамаудан қолхатпен босату туралы шешім қабылдады.

«Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Өміралиев Еркебұлан ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жыл, 6 айға бас бостандығы шектелді.  Ағыбаев Саят ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлімімен, ҚР ҚК 369-бабының 1-бөлімімен, 189-бабының 3-бөлімінің 1-тармағымен айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп қосты қалалық сот өкілдері.

Олардың әрқайсысы жәбірленушілер қорына 50500 теңгеден төлейтін болды. 

Бұған дейін Алматыдағы Алатау ауданының әкімі ұсталғаны жайлы айтылған болатын. 

 

stan.kz