Әкім орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны расталды

0
36

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Кеше бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров шынымен ұсталды. Біз мұны растаймыз. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында», – деді Бектенов сенат кулуарында.

Ол Манзоровқа қандай айып тағылатыны қазір қаралып жатқанын айтты.

«Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айыпталады және қандай бұлтартпау шарасы қабылданады – қазір қаралып жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», -деді ол.

Айта кетейік, кеше бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Бағдат Манзоровтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Алайда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растаған жоқ, Манзоровтың қызмет бабымен іссапарда жүргенін хабарлады. Істің анық-қанығына көз жеткізу үшін құзырлы органдарға сауал жолдаған.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында полиция полковнигі ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Айта кетсек, Бағдат Манзоровтың бұл қызметке келгеніне небәрі екі ай ғана болды. Алматы облысы әкімінің орынбасары болып 2019 жылдың 10 шілдесінде тағайындалған еді.



sputniknews.kz