«Әкім мен МЧС келіп, еш қауіп жоқ деді»: Су басқан Мақтаарал ауданы тұрғындарының айтар өз уәжі бар — Қазақстан жаңалықтары
1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды. Онымен қоса көрші елдің іргесіндегі Түркістан облысы Мақтаарал ауданын су басқан. Қазір апаттан зардап шеккен аймақта жүрген Stan.kz тілшісі тұрғындармен тілдесіп, елді мекендердің ахуалы туралы білді.
2 мамырдан бастап су басқан елді мекендерінен 31,6 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Мақтаарал ауданының 10 елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды.
Шенділер барлық адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, азық-түлік, қажетті нәрселермен қамтамасыз етілді дегенмен, аудан тұрғындарының өз уәжі бар.
Айтуларынша, 1 мамыр күні жергілікті әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келіп, аймақтағы ахуалға «Еш қауіп жоқ» деген баға берген.
Су басқан бес ауыл Өзбекстанның тура іргесінде орналасқан
Айта кетсек, 4 мамырдағы жағдай бойынша облыста 631 үй су астында қалды: оның 36-сы — Жаңа-Тұрмыста, 130-ы — Жеңісте, 250-і — Фирдоусиде, 250-уі — Өргебас қаласында, 11-і — Достықта. Түркістан облысындағы елді мекендерді су басудың салдарын жою үшін үкіметтік комиссия құрылды.
stan.kz