«Әкім де вирус жұқтырды». Қарағандылық әйелдің не үшін ұсталған белгілі болды

0

Азаматтардың мұндай қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қарағанды ​​облысында аудан әкімі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

40 жастағы әйел Бұқар жырау ауданы әкімінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазбаны WhatsApp желісі арқылы таныстарына жіберген.

«Жалған ақпараттың авторын анықтау полицейлер үшін еш қиындық тудырмады. Тұтқындалған әйел өз кінәсін толық мойындап, тұрғындардан кешірім сұрады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті әйелдің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді. Сондықтан да оның үстінен телекоммуникация желілерін қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 8-сынып оқушысы коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша азаматтардың мұндай қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз