Әкесінен гүл шоғын алған Мөлдір Әуелбекова сахна төрінде жылап қалды (фото) — новости Казахстана
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова елордада соңғы 15 жылда алғаш рет концерт өткізді. Оған астаналықтармен бірге әншінің әкесі де қатысты деп жазады NUR.KZ.
Әнші әсіресе әкесінің сахнаға шығып, гүл шоғын сыйлағанын көріп, көзіне жас алды. Әуелбекова сахна төрінде өзінің қаншалықты тебіреніп тұрғанын жасырмады.
«Келген көрермендерге, қазақ халқына мың да бір алғыс. Сіздердің алдарыңызда иіліп бас иемін, бұл кеш сіздердің алдарыңызда өнерімді паш ету кеші ғана емес, сондай-ақ, жан сырыммен бөлісіп, сіздермен сырласу кеші«, — деді әнші.
Концерт барысында әншіге гүл шоқтарын сыйлаған жандардың қатарында әнші Мейрамбек Бесбаев та болды. Ол эстарада жұлдызын атаулы күнімен құттықтап, бір шоқ раушан гүлін сыйға тартты.
«Мөлдірдің өнеріне тәнтімін, қарындасыма сәттілік, бақыт тілеймін» , — деді Беспаев.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар