«Әкесінен аумайды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен, анасымен түскен фотосын жариялады
Тележүргізуші жазбасын Instagram парақшасына жарияланып, онда жұрт жылы лебізін білдірді
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жыл түнін анасымен, ұлдарымен бірге қарсы алып, отбасылық қуанышты сәтінен фото жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz
Тележүргізушінің жазбасы Instagram парақшасында жарияланып, онда жұрт жылы лебізін білдірді.
«Жаныыым, үлкен ұлы әкесінен аумайды екен. Болашақтары жарқын болсын!», «Екі ұлыңыздың жас айырмашылықтары дым білінбейді, құдды егіз ұлдар құсап тұр», «Қос тірегіңіздің жақсылығын көріңіз», «Керемет аман болыңыз қос қанатыңыз анаңыз жаныңызда», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, тележүргізушінің күйеуі, танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев 2022 жылдың қараша айында қайтыс болғаны осыған дейін хабарланған болатын.