Әкесі жаңа туған сәбиін көргеннен кейін оны тірідей көміп тастаған — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Үндістан тұрғыны сирек кездесетін дертпен туылған «екі басты» сәбиін тірідей жерлеп тастаған. Алайда зират жұмысшысы нәрестенің жылаған даусын естіп, оның өмірін құтқарып қалды.

Әкесі жаңа туған сәбиін көргеннен кейін оны тірідей жерлеп тастаған

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Нәрестенің сүйек тінінің кемшілінің салдарынан шүйде тұсында екінші басы бар сияқты көрінеді. Әкесі оны көргеннен кейін бірден құтылудың жолын іздеген. Осылайша, өз перзентін тірідей көміп тастапты. Жерлеу кезінде зират жұмысшысы нәрестенің жылаған даусын естіп, табытты ашып, ішінен тірі сәбиді көреді.

Ол бұл туралы полицияға хабарлапты. Нәресте ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде көмек көрсетілді. Дәрігерлер оған энцефалоцеле, яғни бас сүйек пен мидың дамуының туа бітті ақауы диагнозын қойған. 

Хирург Абдул Рашид Бхат нәрестеге ота жасап, оның шүйдесіндегі өсіндіні алып тастады. Өсінді баланың басынан үш есе үлкен болып өсіп кеткен екен.

«Ота 3 сағатқа созылды және сәтті өтті. Оның басының қалыпты пішіні қалпына келтірілді. Мұнан кейін сәбидің денсаулығы жақсара бастады», — дейді Рашид Бхат.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, нәрестенің әкесі тұтқындалған. Алайда артынша кепілмен босатылыпты. Нәрестені оның ағасы асырап алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz