Home Жаңалықтар «Әкесі ұлын жоғалтып алды»: Қостанайда жасөспірім пойыздан қалып қойған

«Әкесі ұлын жоғалтып алды»: Қостанайда жасөспірім пойыздан қалып қойған

0
2205

16 жастағы жасөспірім әкесімен бірге Нұр-Сұлтаннан Оралға пойызбен бара жатқан кезде Қостанайдағы станциядан түсіп, пойызға үлгермей қалған деп хабарлайды KZNEWS.KZ тілшісі ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімнің әкесі көлік полициясына жүгініп, ұлымен Нұр-Сұлтан-Орал бағытындағы жолаушылар пойызында келе жатқанын айтты. Қостанай станциясына келгенде 16 жастағы жасөспірім дүкенге барып, қайтып пойызға отыруға үлгермеген. Пойыз кеткен соң әкесі вагонның жолсеріктеріне жүгінді. Олар оқиға туралы бірден полицияның кезекші бөліміне хабарлады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы тауып, онымен профилактикалық жұмыс жүзінде әңгімелесті. Әкесі қайтқанша, жасөспірім Қостанайдағы кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында болды.