Әкесі ұялы телефонын алып қойған оқушы қыз полиция шақыртқан — Бір үзік

0

Американың Огайо штатында 16 жастағы қыз әкесі телефонын тартып алған соң полицейлерді шақыртқан, — деп хабарлайды Lenta.ru KMGH-TV порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, оқушы қыз 12 қаңтарда полицияға хабарласып, ұялы телефонының ұрланғанын айтқан. Құқық қорғау органдарының өкілдері үйге келгенде ол бұл жағдайға әкесінің кінәлі екенін айтқан. Ер адам полициядағыларға қызын тәртіпке салу үшін ұялы телефонын тартып алғанын айтып түсіндірген.

Алайда қыз айтқанынан қайтпай, ұрлық болғанын айтып қоймаған. Полицейлер болса ұялы телефонды ата-анасы алып бергенін және 18 жасқа толмағанша оның құқығы жоқ екенін айтқан. Бірақ қызға жалған хабарлама айтып, полицейлерді шақыртқаны үшін айыппұл салмаған.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz