Әкесі “отжимание” жасамаған ұлын соққының астына алды (ВИДЕО)

0
53

Әлеуметтік желіде жаттығу жасамаған ұлын әкесі соққының астына алды. Бұл туралы журналист Арнат Байсейітов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жүйкесі әлсіздер көрмесін. Біреудің отбасына араласуды ұнатпаймын. Бірақ, мынадайды көргенде өзімді қоярға жер таппадым. Кішкентай ғана бүлдіршіннің не жазығы бар? Ешкімді қаралап, қарғамаймын. Бірақ, бұл да буллинг. Әкем бір рет болса да маған қол көтермепті. Қабағынан-ақ бәрін түсінетінбіз. Есесіне, әкемді ханнан артық сыйлаймын, жақсы көремін. Менің әкем ең жақсы адам», — деді журналист.

Белгілі болғандай бұл жағдайға біраз болған, ал бұл жағдай Қырғызстанда түсірілген.