«Әкесі есірткі шегіп, арақ ішеді»: Өгей анамыздан қорлық көрдік деген үш қыздың оқиғасы — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы Жетісай қаласына өгей анамздан қорлық көрдік деген үш қыздың оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Алайда өгей шешенің әкесі күйеу баласына қатысты тың деректер айтты. 

"Әкесі есірткі шегіп, арақ ішеді": Өгей анамыздан қорлық көрдік деген үш қыздың оқиғасыСурет: «Еуразия бірінші арнасы»/ скриншот

Өгей ананың әкесі Пернебай көбеевтің айтуынша, күйеу баласы Нұрмұхамед Қойымбетов арагідік арақ ішіп, есірткі шегетін көрінеді. Қызына қол жұмсаған кездері де болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ басылымына сілтеме жасап.

«Күйеу балам кастоправ болып жұмыс істейді. Жұмысынан соң арақ ішіп, есірткі шегіп, үйіне бармайды. Қызымды ұрған кездерін көршілері дәлелдей алады. Оның бірге есірткі шегетін жолдастары қызым таниды екен. Құмар ойын ойнап, көп қыдырады», — дейді Пернебай Көбеев.

Айтуынша, қызы ме күйеу баласы заңды некеде емес. Ал, үш қыз өз туыстарынан қорқып шындықты айта алмай отыр деген пікірде. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. 

stan.kz