«Әкесі дүниеден озғаннан кейін жариялаған жоқ» — Айгүл Иманбаева келін түсірді

0

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі, құрбысы Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалық туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі бұл туралы «Қызықты Weekend» бағдарламасында әңгімеледі.

«Қыздармен араласып-құраласып тұрамыз. Бұрынғыдай емес әркімнің өз жұмысы бар. Уақыт тапшы. …Хабардармын (отбасындағы жағымды жаңалықтан – еск.). Келін алды (Айгүл Иманбаева – еск.). Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ. Тойдың бәрі алда. Сіңлімдей болып кеткен. Кішкентайымыздан ата-аналарымыз араласты, бірге оқығанбыз», – деді ол.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva