Әкесі баласының ішінен жынын шығарам деп ұрып өлтірді

0
Әкесі баласының ішінен жынын шығарам деп ұрып өлтірді


Әзірбайжанда баласының ішінен жын шығармақ болып, молда жалдаған ер адам ұлынан көз айырылып қалды.

1993 жылы туған Солтанов Мурад Шахин оглу психикалық дертке шалдыққан, соның салдарынан кейде құтыру ұстамасы ұстап қалады екен. Баласын емдеп жазу үшін әкесі қала сыртындағы ауылдардың бірінде тұратын молданың көмегіне жүгінген. Ол дін қызметшісін дұғамен шектелмей, қатал шара қолдануға көндіреді. Оның ойынша, ең тиімді емдеу тәсілі таяқпен соққыға жығу болған.

Жігітті ұстап тұру үшін әкесі тағы біраз танысын шақырып, науқастың айғайына қарамастан қатты ұруға бұйырады. Марқұмды бір топ азамат жалдамалы пәтерге алып келіп, аяқ-қолын басып отырған.

Жігітті анар ағашының шыбығымен екі сағат бойы ұрып-соққан екен, салдарынан науқас жан тапсырыпты. Молда науқас жігіттің ішіндегі тылмыс күшті шығару үшін 88 мың теңге (400 манат) көлемінде ақы алған.

Қазір ұсталған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқыс оқиғаға қатысы бар бес адамды ұстаған. Олардың арасында молда да бар. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.