Әкесі баласын құтқару үшін қолтырауынды тістеп алған

0

Әкесі баласын құтқару үшін қолтырауынды тістеп алған

Филиппиндік тұрғын баласымен бірге үйдің маңындағы өзенге түскен.

 
 
Сол сәтте 12 жастағы балаға қолтырауын шабуыл жасап, су астына сүйреп әкеткен. Баласының дауысын естіген әкесі қолына таяқ ала салып, қолтырауынның соңынан жүгірген. Қолтырауынды ағашпен бірнеше мәрте ұрса да ол баладан айырылмай қойған. Сол кезде ер адам қолтырауынның аяғынан тістеп, жабыса түскен. Осылайша әкесі де, баласы да аман қалған. Бала ауыр жарақат алмаған. Дәрігерлер оны бірнеше күннен кейін үйіне жіберген.

Дереккөз: КорреспонденТ

Дереккөз: http://reactor.inform.kz