Әкесі байқамай теріс киіндірген қыз желіде жұлдыз болды – күлкілі видео

0

Балабақшадағы жаңажылдық ертеңгілікте қызық оқиға болды. Ер адам мерекеде би билеген қызына кокошникті (орыс әйелдерінің бас киімі – ескерт.) теріс кигізіп қойған. Не болғанын қараңызшы…

Бейнероликте сәнді киінген балалар биді жап-жақсы билеп жатқаны көрінеді. Дегенмен қыздардың бірінің бас киімі қайта-қайта түсіп кете береді. Әкесі кигізген бас киім әдемі тәжден үнемі түзетуге тура келетін күлкілі «күнқағарға» айналып шыға келген. Алайда қыз еш саспай, жаңа жылдық биін сенімді түрде әрі ынта-шынтасымен жалғастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=aa-AkYUZp5E

Қызық видеоны қыздың әкесі Владимир Семенов жариялады.

«Балабақшадағы жаңажылдық ертеңгілік, мен қызыма кокошникті теріс кигізіп қойыппын. Не болғанын қараңыз», — деп жазды ол.

Автордың айтуынша, бұл видеоны олар отбасымен бірге көріп, шегі түйілгенше күлген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/