Әкесі 7 жасар ұлын өлімші етіп сабап, жедел жәрдем шақырмай қойған
Қысқа сілтеме алу
Отағасы балаларын аяусыз ұрып-соғып, тәртіпке шақырған
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Украинаның Харьков облысы тұрғыны ұлын өлімші етіп сабап, жедел жәрдем шақыртқызбай қойған. Бірнеше күннен соң бала көз жұмды, деп жазады 057.ua.
Жергілікті прокуратура жеті жасар ұлын қатыгездікпен өлтірген Шевченково ауылының 34 жастағы тұрғынына қатысты айыптау актісін сотқа жіберді. Бұл туралы Харьков облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
2019 жылдың ақпанында ер адам кішкентай балаларын «тәртіпке шақырған». Әкесінің пікірінше, жеті жасар ұл мен сегіз жасар қыз бұзық болып, тіл алмаған көрінеді. Ұрысудың арты ұрып-соғуға ұласып, айыпталушы ұлын төсектің темір тағанына қарай лақтырып жібереді. Бала басынан соққы алып, қатты ауырсынып, лоқси бастайды. Тіпті аяғын басып, жүре алмайтын халде болған.
Тағы оқыңыз: Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жетісайлық келіншек сотталды
Алайда әкесі жедел жәрдем шақырмай, әйеліне де дәрігерге хабарласуға тыйым салған. Көп ұзамай баланың халі нашарлап, төсектен тұра алмайтын күйге түседі.
Бес күн өткен соң үйге қонақ келеді. Баланың жағдайын көрген олар бірден дәрігер шақырады. Алайда жедел жәрдем жеткіншектің көз жұмғанын жеткізген. Сот-медициналық сараптама бойынша ол бас сүйек-ми жарақатын алып, миына қан құйылып, артынша ісік пайда болған екен.
Атап өтсек, қаза тапқан баланың отбасы жергілікті отбасы және жастар ісі бойынша қызметте тіркеуде болған, себебі ер адам үлкен қызына зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын сотталыпты. Ол кезде қыз баланың жасы төртте еді, әкесі оны да сабап, тәртіпке шақырған. Бір жолы ішінен қатты түйіп-түйіп жібереді. Сол кезде сәбидің ішкі органдарының бірі жарылып кеткен.
Қазір прокуратура талабы бойынша отағасы қамауға алынған. Ол өмір бойына сотталып кетуі мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
sputniknews.kz