Home Жаңалықтар Әкесі 3 жасар қызын қайнаған ыстық суда отыруға мәжбүрлеген

Әкесі 3 жасар қызын қайнаған ыстық суда отыруға мәжбүрлеген

0
2294

Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген. 

Ер адам осылайша баланың диареясын емдегісі келген.

Алдымен әкесі баланы арқанмен ұрып, содан кейін оны ваннаға қайнаған суға отыруға мәжбүрледі.

Қыз бала ауруханаға түсті, бірақ оның денесінің көп бөлігі күйіп қалғандықтан мерт болды. Ер адам үш жасар қыз баланың қайнаған суды абайсызда үстіне құйып алғанын айтты.

Құқық қорғау органдары марқұм қыздың әкесі есірткіге тәуелді болған деп мәлімдеді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.