«Әкемнің мейіріміне зәру емеспін»: Гүлнәз Жоланова алғаш рет өміріндегі ең ауыр сұраққа жауап берді — Қазақстан жаңалықтары
Гүлнәз Жоланова әкесімен неліктен араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Хабар арнасының «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап.
Актриса өмірде де, әлеуметтік желіде де әкесі жайлы ауыз ашпайды. Бұл тақырып қозғала қалса, айналып өткісі келеді. Алайда осы жолы Жоланова өзінің жүрек түпкіріндегі сырын бөлісіп, отбасы жайлы айтты.
«Анам қазіргі таңда Ақтау қаласының жергілікті университетінде әкімшілік қызметте жұмыс істейді. Мен туғаннан бастап сауда жасап, ірі бизнеспен айналысты. Анамның саудаға икемі бар, ал мен ақшаға келгенде осалмын. Нағыз өнер адамымын деуге келетін шығар», — деді актриса анасы жайлы.
Одан әрі Гүлнәз Жоланова бұрын-соңды ешбір сұхбатта айтпаған әкесі хақында сөз қозғады.
«Анам екеуіміз де бұл тақырыпта ашық сөйлесе бермейміз. Сондықтан болар, бұрын-соңды берген сұхбаттарымда әкем жайлы айтқан емеспін. Ол кісі Ақтау қаласында тұрады. Өмірімде бірнеше мәрте ғана көргенмін. Кездесіп, сөйлесетін уақытты нақты айта алмаймын. Ол кісі ниеттенсе, араласқым-ақ келеді. Анамның мінезі салмақты, қатты болғандықтан, әкемнің мейіріміне зәру болған жоқпын. Дегенмен, кейбір жағдайларда «Неге бұлай шешім қабылдадым» деп ойланған кезде, көп оқиғалардың өмірде жасаған қателіктерден болғандығын аңғарамын. Бірақ, қателіктің неден болғанын білемін. Әркім өз ісіне жауапты. Мен екеуінің перзенті болғандықтан, түсіністікпен қарауым керек. Егер өкпелеп, ренжитін болсам, өміріме кері әсерін тигізуі мүмкін», — дейді Гүлнәз Жоланова.
stan.kz