“Әкеме барыңдар” — Серікзат Дүйсенғазы ұлының достары іздеп келгенін айтты

0

Ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы Әлиханның достарының түсіне кіргені туралы жазды,

Қаламгер ұлының достарын Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне ертіп барып, рухына құран бағыштағанын айтты.

«Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген «Әзірет Сұлтан» мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына құран бағыштадық.

Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар», — деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы желідегі парақшасында.

 

фото: ашықдереккөз