«Әкем соңғы жылдары Мақпалмен бірге тұрмаған»: Құралай Нұрқаділова ең үлкен өкінішімен бөлісті
Белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділова өміріндегі басты өкініші туралы айтып, жан сырын ақтарды. Отандық дизайнер асқар тауы әкесімен 15 жыл сөйлеспеген, – деп хабарлайды Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Құралай Нұрқаділова керек кезде әкесінің қасында болып, оған қолдау білдіре алмағанына қатты өкінетінін айтты. Дизайнер соңғы жылдары әкесі Мақпал Жүнісовамен бір үйде тұрмағанын жеткізді.
«Өткенге қарасам, жұмсағырақ болуым керек еді деп ойлаймын. Әкеммен 15 жыл сөйлесе алмадым. Ең өкініштісі – осы. Сол үшін қатты өкінемін. Сол уақытта солай болуы керек болды. Сол кезде сәл қулық танытып, жұмсағырақ болып, барынша әкемнің қасынан табылуға ұмтылу керек па еді. Бірақ мен ондай бола алмаймын. Мен ондай адам емес екенмін. Жағымпаздану деген менде атымен жоқ. Оның ортасына маған жол жоқ болды. Әкем қайтыс болғаннан кейін ғана оның соңғы жылдары Мақпалмен бірге тұрмағанын білдім. Екі бөлек үйде тұрды. Мен оны тым кеш білгеніме қатты өкінемін. Сол кезде қасында болып, оған қолдау білдірмегеніме өкінемін. Ол қайтыс болар алдында үш ай бұрын маған сөйлесуге келді. Бірақ мен оны түсінбедім», – деді Нұрқаділова «Білген дұрыс» бағдарламасында.
Фото: Жетінші арна