«Әкем мұсылман, ал менің жаратушым Иса мәсіх»: Жазушы Ілияс Есенберлиннің ұлы өзінің басқа діні туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы Ілияс Есенберлиннің жалғыз ұлы Қозыкөрпеш Есенберлин өзінің мұсылман емес екенін айтты. Ол жат ағымның табынушысы екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq ruhy сайтына сілтеме жасап.

есенберлин

«Құдай ұлы – Иса пайғамбар. Құран кітабында да жазылған. Біздің барлығымызды бір құдай жаратты. Әрине әркім өзі сенгісі келген құдайына сенеді. Әкем құдайдың заңына және оның әділдігіне сенді. Мен де әкем сияқты сеніммен өмір сүргім келеді. Құдайға деген сеніміміз әртүрлі болғанымен, ол жалғыз.  Біз де оны мойындап, оның қағидалары мен әділдік нормаларына сай өмір сүруіміз керек. Мен Жаратушымыз бізге не бұйырса, сол бойынша өмір сүргім келеді», – дейді Қозыкөрпеш Есенберлин. 

Бұдан басқа Есенберлиннің ұлы әкесі мұсылман болғанымен, өзі Иса пайғамбарға сенетінін жеткізді.

«Құдай бар. Құдайдың ұлы Иса Мәсіхке мен сенемін. Иса, Мұса, Мұхаммед олар – пайғамбарлар. Ал құдай жалғыз. Бір сенім. Бірақ мен мұсылман емеспін, киелі кітапқа сенемін»
 

stan.kz