Әкем 33 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды: Шоқан Маратұлы оның не себепті аштық жасап жүргенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Үш рет қатарынан көрермендердің көз алдында танымал әнші Шоқан Маратұлы аштық жасап, осы процеске мыңнан астам жанкүйерін тартты. Біреулері оны тіпті мамандығын өзгертуге сендіреді, ал біреулері адамдардың денсаулығына жасалған хайп дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» сайтына сілтеме жасап.
«Мен өз-өзіме жұрттың назарын аударғым келмеді, солай болып қалды! Мен ән айтып, билеп адамдардың көңіл-күйін көтере аламын және одан бөлек жұрт назарына ұсынбайтын жеке кәсібімнің де тасы өрге домалап келеді, сондықтан мен диетолог болмаймын», — деп күледі аты аңызға айналған «All Давай!» тобының жетекші әншісі.
Шындығына келгенде, оның Instagram-дағы барлық жазылушылары әртістің денсаулығын жақсарту үшін үнемі аштық жасайтындығын біледі. Ол ғылыми тұрғыдан аштықты қалай бастау керектігін және қалай тоқтатып, ағзаға зиянсыз тағамдар жеу керектігін нақты біледі. Мұның бәрі денені сауықтыру және жасарту үшін жасалады.
«Мүмкін мені бұл мәселелер қызықтырған болар, өйткені әкем қатерлі ісік ауруынан өте ерте, 33 жаста көз жұмған», — деді Маратұлы бізге ағынан жарылып. — Мен кішкентай едім, оның қалай ауырып, қиналғанын көрдім, бірақ көмектесе алмадым. Мектептен кейін, институтта оқып жүргенімде денсаулық, рухани тәжірибе тақырыбына қызығушылық таныттым.
Жаңа жыл басталғаннан кейін Шоқан бірден жеті күндік дәстүрлі аштық процесін бастап, оқырмандарынан: «Мүмкін мұны көпшілік алдында жасауым керек шығар» — деп сұрады. Қалағандар көп болды, олармен бірге алғашқы аштығын және одан кейінгі үш күнін өткізді.
«Мен жеті килограммды дұрыс тастадым, жақсы тазарту жасадым және қазір бұлшықет массасын жинау үстіндемін. Мен мұны біреу үшін емес, өзім үшін жасаймын, бірақ менің тәжірибем мен білімім адамдарға көмектессе, бұл өте жақсы», деді әнші.
stan.kz