Әке өрт шыққан үйден бір ұлын құтқарып, екіншісінің соңынан барғанда екеуі де көз жұмған — Ақмола облысы

0
4193
Сурет: Free-Photos

Ақмола облысында өрт салдарынан 30 жастағы ер адам мен 6 жасар бала қаза тапты.

«23 ақпанда сағат 03:55-те Зеренді ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Алексеевка ауылында үй өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті. Шақыру орнына Зеренді ауылынан, сондай-ақ Көкшетау қаласынан өрт сөндірушілер жіберілді», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру барысында екі адамның денесі табылды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан кезде екі баласы үйде болған. Ол бір баланы өрттен алып шығып, екіншісін құтқара алмаған.