Акция жеңімпаздары анықталды | «Айқын» газеті

0
92

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қол­дауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өтті.

Айта кетейік, акция 21 мамыр мен 30 қараша аралығында жүргізілді. Осы ке­зең­де барлық облыстар мен Астана және Ал­маты қалаларында жүлделер табыс­талды. Ұйымдастырушылар алты ай ішін­де 30 мың азаматтан шамамен 2,3 млн түбіртек алған. Оның басым бөлігі Ал­маты қаласы мен Түркістан облы­сынан келді.
Жиын барысында сөз сөйлеген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов акция басталғалы бері Республика бойынша 300-ге жуық бағалы сыйлық ойнатылғанын айтты.
«Аталған акцияны біз осымен төр­тінші жыл өткізіп отырмыз. Бұл акция азаматтарға бір уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуына және бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет», – деді ол.
Іс-шараның маңыздылығы туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пен WIPON қосым­ша­сын әзірлеуші Данияр Аязбаев айтып өтті.
Бұдан соң, түбіртек арқылы жүлделі болғандар тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анық­талды. 360 теңгенің түбіртегімен Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Орынбала Какенова жеңіл автокөлік ұтып алды. Бас жүлде иегері акцияға барлығы 2516 түбіртек жіберген. Астана қаласының тұрғыны Ұлдай Ысқақова 585 теңгенің түбіртегімен телевизорға ие болса, Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Оханова 429 теңгенің түбіртегімен планшет ұтып алды.
Акция барысында 91 мыңнан аса түбіртек жіберген Түркістан облысының тұрғыны Жанар Қозғамбаева «Ең бел­сенді қатысушы» атанып, планшет ұтып алды. Сонымен қатар БКМ қолдану тәртібін қоғамдық бақылау негізінде азаматтық ұстанымын көрсеткені үшін алматылық Антон Шинға ұялы телефон сыйға берілді.
Акция – кәсіпкерлердің тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және ақшалай қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшаны реттеудегі чектерін беру бөлі­гінде қаражатты басқару тәртібін қамтамасыз етуге бағытталды. Айта кетейік, акция 21 мамыр мен
30 қараша аралығында жүргізілді. Осы ке­зең­де барлық облыстар мен Астана және Ал­маты қалаларында жүлделер табыс­талды. Ұйымдастырушылар алты ай ішін­де 30 мың азаматтан шамамен 2,3 млн түбіртек алған. Оның басым бөлігі Ал­маты қаласы мен Түркістан облы­сынан келді.
Жиын барысында сөз сөйлеген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов акция басталғалы бері Республика бойынша 300-ге жуық бағалы сыйлық ойнатылғанын айтты.
«Аталған акцияны біз осымен төр­тінші жыл өткізіп отырмыз. Бұл акция азаматтарға бір уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуына және бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет», – деді ол.
Іс-шараның маңыздылығы туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пен WIPON қосым­ша­сын әзірлеуші Данияр Аязбаев айтып өтті.
Бұдан соң, түбіртек арқылы жүлделі болғандар тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анық­талды. 360 теңгенің түбіртегімен Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Орынбала Какенова жеңіл автокөлік ұтып алды. Бас жүлде иегері акцияға барлығы 2516 түбіртек жіберген. Астана қаласының тұрғыны Ұлдай Ысқақова 585 теңгенің түбіртегімен телевизорға ие болса, Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Оханова 429 теңгенің түбіртегімен планшет ұтып алды.
Акция барысында 91 мыңнан аса түбіртек жіберген Түркістан облысының тұрғыны Жанар Қозғамбаева «Ең бел­сенді қатысушы» атанып, планшет ұтып алды. Сонымен қатар БКМ қолдану тәртібін қоғамдық бақылау негізінде азаматтық ұстанымын көрсеткені үшін алматылық Антон Шинға ұялы телефон сыйға берілді.
Акция – кәсіпкерлердің тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және ақшалай қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшаны реттеудегі чектерін беру бөлі­гінде қаражатты басқару тәртібін қамтамасыз етуге бағытталды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Дереккөз: Айқын