Айжан Байзақова жол апатына түсті (видео)

0

Қазақстандық актриса әрі блогер Айжан Байзақова мен оның бауыры Әлихан жол апатына түсті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бұл туралы Айжан Байзақова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Актрисаның айтуынша, олар ес-түссіз жатқан адамға көмектесу үшін көлікті тоқтатқан. «Біз адамға көмектесу үшін тоқтадық. Оның жүрегі ауырып, өзін жайсыз сезінді. Соңында ол газды басып жіберді, өйткені өзін нашар сезінді, осылайша біздің көлігімізді де соқты», — деп түсіндірді Байзақова. Блогер жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады. Кадрдан Байзақованың «Гелендваген» көлігінің алдыңғы есігінің соғылғанын байқау қиын емес.

Сонымен қатар актрисаның бауыры Әлихан Байзақов та оқиғаның мән-жайын өзінің парақшасында айтып берді. «Адам көлік жүргізу кезінде есінен танып қалды. Ол оған көмектескісі келді, оята бастаған уақытта атып тұрып, үреймен газды басып жіберді. Нәтижесінде Tesla біздің «Геленге» соқтығысты. Оқиғадан қолымның ауырсынуы сезіліп тұр, абырой болғанда бәріміз аман есенбіз. Көлік жүргізу кезінде абай болыңыздар», — деді ол.