Айжан Байзақова: Қарапайым халық түгілі мемлекет төтенше жағдайға ақша жинап, дайындалып үлгермеген — Қазақстан жаңалықтары

0

Елімізде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жарияланғаны белгісіз. Бұл орайда қазақстандық әншілер халықты сабырға шақырып, өз пікірін жеткізіп жатыр. Ал, атышулы Айжан Байзақованың айтары басқа. 

Айжан Байзақова: Қарапайым халық түгілі мемлекет төтенше жағдайға ақша жинап, дайындалып үлгермеген

«Мына вирустың тыныштықты бұзғаны соншалық, әлем орнынан қозғалып түскендей. Бәріміз ауру жұқтырып алмайық деп, таласа азық-түлік алып жүрміз. Бірақ мұның кері жағы да бар. Адамдар жаппай жұмыссыз қалды. Олар мұндайға дайын емес еді. Карантин уақыты үшін ақша тауып үлгерген жоқ. Ақша жинамақ түгілі, өз күнін әрең көріп жүргендер.

Енді жұмыс істей алмайды. Олардың тамақ алуға ақшасы жоқ. Бұл вирустан да жаманы. Мемлекет бизнесмендерден ақша сұрап отыр. «Кім мемлекетке көмектесе алады?» деп отыр? Осылай. Тіпті, мемлекет мұндай жағдайға дайын емес. Қазір блогерлер, миллиардерлер мен бизнесмендер мұқтаждарға көмектесуде. 

Бұл тақырыпта ешнәрсе жазғым келмеген, бірақ елдің айтатынының бәрі вирус жайлы. Бұл сұмдық жақында аяқталады деп ойлаймын. Халық та бұдан өтер. Мен мұндай вирус жайлы айтып отырғаным жоқ. Қолдарыңызды жуып, маска тағып жүріңіздер, әрине», — деп жазды ол парақшасында. 

«Дұрыс айтасың, сөзің орынды», «Қазір біреуді айыптайтын жағдайда емеспіз. Алла сабыр берсін», «Бәрі өте шығады, дайын болу керек бәріне», «Салмақты ой айтқан мүлде жараспайды екен», «Карантин адамдарға салмақ салып жатыр», — деп әртүрлі пікір жазды желідегі оқырмандары. 

Тағы оқыңыз

stan.kz