Айына 1,2 млн табыс табатын алматылық алимент төлемегені үшін Toyota Camry көлігі мен пәтерінен айырылды

0

Әділет министрлігінің мәліметінше, қарыз 2017 жылдан бастап жинала бастаған. Осы кезеңнен бастап ер адам үш баласы үшін алимент төлемеген. Сот орындаушысы Қапшағай салық органдары арқылы әкесінің ай сайын 1,2 миллион теңге кіріс алып отырғанын анықтады. Сондықтан, осы уақыт аралығында ер адамның 21 миллион теңгеге алимент қарызы болған.

Бұдан әрі сот орындаушысы борышкердің атына Алматыда екі бөлмелі пәтер және Toyota Camry автокөлігі тіркелгенін анықтады.

«Бұл мүлікке тыйым салынды және оған бағалау жүргізілді. Жеке с сот орындаушысы борышкерді бірнеше рет шақырды. Оған балаларын асырау үшін алимент төлеу қажеті туралы ескертілді. Алайда ер адам сот шешімін орындаудан бас тартты», — деді министрлік.

Өз міндеттемелерін орындамағаны үшін борышкер алимент бойынша жеке мүлкінен айырылды.

«Тіркемесі бар автомашина 3,2 миллион теңгеге, ал пәтер 13,6 миллион теңгеге бағаланды. Жалпы құны 16,8 миллион теңге болатын бұл мүлік өндіріп алушыға берілді. Қазіргі уақытта алимент төлеу бойынша берешек 4 миллион 777 мың теңгені құрайды», — деп қорытындылады ведомствода.