Айтыстың абызы Жүрсін Ерман 73 жасқа толды
Айтыс ақындары одағының төрағасы, ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 73 жасқа толды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.
Ақын 1951 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Жезді ауданының Байқоңыр ауылында дүниеге келген болатын.
1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған ол әр жылдары аймақтық, республикалық ақпарат құралдарында қызмет етті.
100-ден астам мақала мен «Жанартау» (1983), «Арайлы күн, Армысың» (1985), «Ұлытауға бардың ба?» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2004), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2006), «Құстың көлеңкесі» сынды еңбектердің авторы.
1984 жылдан ақындарды үлкен сахнаға шығарып, халық өнері, ұлттық рухты көтеруге үлес қосты. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қазіргі айтыстар» (2005, Астана, 2 том) жинағын құрастырды.
Жүрсін Ерманның Бірнеше бейне, аудиокассета, дискілері жарыққа шыққан. Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының мүшесі.