Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті
Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден озды.
Қайғылы хабарды журналист Нұртай Лахан жеткізді.
«Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да «жарық жалғанға қош айтыпты» деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Серікзат досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!», — деді ол.