Айтылған сөз — атылған оқ. Қапшағай қаласының атауын өзгерту ұсынысы мақұлданды

0
38
фото inbusiness.kz сайтынан алынды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста Алматы облысы әкімдігі Қапшағай қаласының атауын өзгерту ұсынысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа  келісімін берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданатын болады.

Қапшағай қаласын қайта атау туралы бастаманы Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары көтеріп, кейін қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдады. 16 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлуді ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағай болады. Бұл ретте Президент Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.

Ақпарат inbusiness.kz сайтынан алынды