«Әйтімованың дауысы» жазылған аудио желіні дүрліктірді: ІІМ мәлімдеме жасады
Қысқа сілтеме алу
«Қасақана жалған ақпарат тарату» бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Көмек сұраған көп балалы аналарға жекіп тастаған әйелдің дауысы жазылған аудиоға сенат депутаты Бірғаным Әйтімованың қатысы жоқ.
Сараптама жазбадағы сенатордың дауысы емес екенін көрсетті, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
«Әкім суға батып өлді» БҚО-да шенеуніктің құдасы жалған ақпарат таратты
Бір ай бұрын мессенджерлерде аудиожазба тарады, онда әйел адам көп балалы аналарға төлемдерді өсіруге қатысты дөрекі түрде түсініктеме берген. Кейбірлеулер бұл Бірғаным Әйтімованың дауысы деп болжап жатыр.
Парламент депутаты полицияға өзінің дауысын салып, жалған ақпарат таратқан адамдарды табуды сұрап, арыз жазды.
«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша алдын ала тергеу жүргізуде. Сараптама қорытындысына сәйкес, таратылған аудиожазбадағы дауыс парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімоваға тиесілі емес», — деп мәлімдеді ІІМ.
Полиция кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін іздеп жатыр.
sputniknews.kz