Айшықты жеңісінен соң журналист қызды сүйіп алған боксшы жазаға тартылды
Қысқа сілтеме алу
Боксшы бұл әбестігінен кейін жекпе-жектерден уақытша шеттетілді
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Белгілі болгар боксшысы Кубрат Пулев Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы (CSAC) шешімімен жекпе-жектерден шеттетілді, деп хабарлайды Sky Sports.
«Калифорнияда тағы да рингке шығуға рұқсат алу үшін Пулев комиссия мүшелерін бұдан былай әдептен озбайтынына сендіруі тиіс», — деп мәлімдеді CSAC ұйымының қоғаммен байланыс директоры Вероника Хармс.
Ол атап өткендей, комиссия 37 жастағы боксшының әрекетін қатты сынға алыпты.
Айта кетсек, тілші Дженнифер Равало Пулевті сотқа беремін деп отыр. Румын боксшысы Богдан Динге қарсы жекпе-жекте айшықты жеңіске жеткен соң Пулев журналистке сұхбат беріп тұрып, күтпеген жерден ернінен сүйіп алған.
Динге қарсы кездесу болгар боксшысының АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі еді. Пулев оған дейін Германияда рингке шығып жүрді. Ол 27 рет жеңіске жетіп, бір-ақ рет қана ұтылған.
Кәсіпқой боксшы жекпе-жек үстінде қарсыласын сүйіп алды — видео
sputniknews.kz