“Айсәуле тұңғыш перзентім емес». Баян Мақсатқызы ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті

0

Продюсер Баян Мақсатқызы «Мамский әңгіме» жобасында дүниеге үш рет перзент әкелгенін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, алғашқы жүктілігі кезінде босануға ай-күні жақындағанда баласынан айырылып қалған.

“Айсәуле қызымның алдында алғашқы баламды жоғалтып алдым. Айсәуле — екінші перзентім. Жалпы үш рет босандым. Сол кезде баламнан 36-аптада айырылып қалдым. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде жиырма жаста едім. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады»,- деді ол.

Сонымен қатар ол ішіндегі өлі баланы босану үшін қаладағы ешбір перзентхана қабылдамағанын айтты.

«Дәрігерлер ата-анамнан қолхат алып, «егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз», деп жаздырып алды. Себебі 29 жыл бұрын медицина дамымаған, күрделі кезең болды ғой. Кесір тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ жастық па, үш айдан соң Айсәулеге қайта жүкті болдым», — деді Баян Мақсатқызы.

фото: opennews.kz