Айсәуле Бақытбектің енесі Меруерт Түсіпбаеваның құрбысы болып шықты — новости Казахстана
Айсәуле Бақытбектің енесі Меруерт Түсіпбаеваның құрбысы болып шыққан. Бұл туралы, әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол жақын досына жүрекжарды жазба арнаған деп жазады NUR.KZ.
«Ескі досым, Айсәуленің енесі болып келеді. Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын. Өмірімде жайсыз жағдайлар орын алса, немесе өзім не отбасымдағылардың денсаулығы сыр берсе Диляраға жүгінемін. Мен оның маған деген асқан құрметіне қалай ие болғанымды да білмейді екенмін.
Шын айтсам, осы күнге дейін мен оған тек ауызша ғана «рахмет» айтып келіппін. Өмірімде басшылық кесірінен адам танымастай өзгерген адамдарды көрдім. Алайда, бұл нәрсе Диляраға қатысты емес. Ол қай жерде болмасын, маған қолдау көрсетуге қашанда дайын. Тағдырға мыңда бір рахмет, екеумізді жолықтырғанына. Ескі дос жаңа екеуінен де артық екен» , — деді Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Түсіпбаеваның өзін Баянға қарсы қойған танымал журналисті сотқа бергелі жатқанын жазған боалтынбыз.
Еске сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның әндерін біздің«Музыка Нур»қосымшасынан тыңдай аласыздар
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар