Айсәуле Бақытбек үшінші баласына жүкті екенін айтты

0

Белгілі актриса, блогер Айсәуле Бақытбек үшінші баласына жүкті екенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты ол желідегі парақшасында бөліскен.

“1+1=5”, – деп жазба қалдырып, өзінің видеосын жариялады ол.

Әлеуметтік желіде оқырмандар Айсәуле Бақытбаекті құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.

“Баян Мақсатқызы білсе шок болатын болды”, “Жас кезде босанып алу керек, дұрыс, жарайсыз”, “Ақылды аналарда бала болу керек”, “Құттықтаймыз, аман-есен босанып алыңыз”, “Қандай күшті жаңалық”, “Әулеттеріңіз өсе берсін”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, танымал блогер, актриса Айсәуле Бақытбек күйеуі Әлішердің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті.