Домой Жаңалықтар Айқынның анасы: Біз үлкен келінмен тұрамыз (видео)

Айқынның анасы: Біз үлкен келінмен тұрамыз (видео)

0
150

Отандық әнші Айқын Төлепбергеннің анасы «Жақсы адамдарым» бағдарламасында қолында үлкен келіні тұратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілері әншінің анасынан «Жұлдыз қандай келін? Бірге тұрасыздар ма?», -деп сұраған. Ал Айқынның анасы Гүлзада Төлепбергенова Жұлдызбен емес, үлкен келінімен бірге тұратынын айтты.

«Келініміз өте жақсы. Өте сыпайы, ата-ананы өте жақсы сыйлайды. Біз үлкен келінмен тұрамыз. Айқыннан үлкен Айдын деген үлкен ұлым бар, соның қолында тұрамын. Келіндер жақсы. Қолдағы келініммен 13 жылдан бері бірге тұрамыз», — деді әншінің анасы. Айқын қазір жаңадан үй салып жатқанын, сол біткен бойда ата-анасымен бірге тұратынын айтты. «Қазір үлкен үй салып жатырмын. Содан кейін бірге тұрамыз, бұйырса», — деді Айқын Төлепберген.