Айқын Жұлдызды пиар үшін клипке түсіргенін мойындады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Тың идеяларға зәру әншілер енді жеке өмірі арқылы танымалдылығын арттыруға көшкен. Мәселен, соңғы кездері тек Жұлдызды клипке түсіретін Айқын мұның пиар қадам екенін жасырмайды. Өйткені өзге қызды түсірсем, мұншалықты ел аузында жүрмес едім, дейді ол. 

Айқын Жұлдызды пиар үшін клипке түсіргенін мойындады

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Айқын Жұлдызбен жұптасқан соң оны «Ты моя» атты бейнеклипіне түсірді. Алайда Өмірғалидің ондағы рөлі үлкен емес. Жас келіншегін клипке кейіпкер ретінде таңдап, жұрт назарын аудару да – атышулы әншінің идеясынан туындаған. Бірақ жаңа жұмыс желіге жүктелген сәтте, жұрт бейнебаяннан Айқынның бірінші әйелі Әселге деген құпия сәлемін аңғарыпты.

«Осы өлеңді бірінші әйелімен айтқанда хит болар еді», «Кешір деп алғашқы әйеліңізге айтып жатқан сияқтысыз», — деп пікір білдірді көпшілік.

«Адамдар, басқа адамның өмірін қайдан білсін. Менің өмірім солай. Мен ары қарай ашудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамдар өздері болжам жасайды да, неше түрлі нәрсені жазады. «Ты моя муза» деп Жұлдызды түсіріп жатырмын ғой. Болды, түсінікті ғой бәрі», — деп жауап берді оған Айқын.

Иә, сонымен Айқынның музасы Жұлдыз екені белгілі болды. Дәл осы себепті әнші бір ғана клиппен шектеліп қалмай, Жұлдызды «Жүрегім ақ» атты бейнебаянының бас кейіпкері етіп бекітті. 

«Екінші клипте біз ойладық басқа адамды түсіреміз бе деп. Кейін басқа адамды түсірмей-ақ қояйық, Жұлдызды түсірейік дедім. Себебі бірінші клипте жай өтті де, бұл жолы актерлығы көбірек болды да. Үшінші бейнебаянда басқа бір нәрсе болатын шығар», — дейді Төлепберген.

Төлепберген темірді қызған кезде соғуды құп көрген секілді. Әншінің Жұлдызбен түскен клиптері трилогияға ұласуы мүмкін. Өйткені, өнер иесі жеке өміріндегі өзгерістерімен – елдің назарында, халықтың қызу талқасында жүргенді қалайды.

«Әрине, енді пиар ғой. Пиар үшін жасалады. Басқа біреуді түсірсем үндемейді, Жұлдызды түсірсем әңгіме көп болады. Ол да бір пиар қадам ғой. Шет елде де мысалы, кезінде Анджелина мен Бред Пит қосылғанда да одан пиар жасады. Кәдімгідей пиар болды. қазір екеуі ажырасып кетті. Ол да бір пиар қадамдары ғой өздерінің»,-  дейді Айқын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz