Айқын Төлепберген Жұлдыздың қызғанышы жайлы: Пиар ғой — Қазақстан жаңалықтары

0

Осыдан бір ай бұрын әйелі Жұлдызға екінші бейнебаянын арнаған Айқын жақында басқа қызбен клип түсіріп, елді шулатқан еді. Бірінші некесі сәтсіз аяқталып, екінші рет үйленген Айқын бұл жолы да көптің ойын сан-саққа жүгіртті. Кей көрермендер Төлепбергенді сахналық жұбы Адельмен жұптастырып үлгерді.

Айқын Төлепберген Жұлдыздың қызғанышы жайлы: Пиар ғойАлайда Айқын елдің пікіріне мән бермейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz «Гәкку» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Хейтерлер көп қой. Оған үйреніп қалғанбыз, көңіл бөлудің қажеті жоқ. «Жүрегім ақ» деген бейнебаянды көрсеңіз, астындағы пікірлер баяғы бір тақырып туралы. Бірақ бейнебаян өте жақсы қаралымға ие болып жатыр, пікірлер де өте жақсы», — дейді Айқын.

Иә, Төлепберген үшін ең бастысы елдің сөзі емес, қаралым саны мен жұмыс нәтижесі. Қанша елдің сөзіне қалса да, ол әдемі қыздарды клипке түсіруді доғармаймын деп отыр. 

«Байқасаңыздар, Айқын Төлепберген 15 жылдан бері бейнебаян түсіріп келе жатыр. Бүкіл клиптерімде әдемі қыздар түскен. Әр бейнебаян сайын жаңа қыз. Арасында Мақпал да, Бибігүл Сүйіншалина да, басқа да әдемі қыздар болды. Айқынның бейнебаянына тек қана әдемі қыздар түседі», — дейді ол. 

Өзін шетелдік жұлдыздармен салыстырғанды ұнататын Төлепберген бұл жолы да әдетінен жаңылмады. 

«Енрике Иглесиас, Рикки Мартиндардың клиптеріне неше түрлі қыздар түсіп жатыр. Оған кім көңіл аударып жатыр? Сол қызға үйленеді немесе арасында қатынас бар деген сөз емес қой. Ол жай сол киноға қажет нәрсе», — дейді Айқын.

Ал желідегі Жұлдыздың мұңлы жазбасын Айқын «пиар» деп түсіндірді. 

«Жұлдыз қызғанбайды. Басында көңіл-күйі сондай болған шығар. Бір жағынан ол да пиар ғой», — деді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz