Айқын мен Жұлдыз тойға киген образдарына қанша қаржы жұмсағанын айтты

0

9 жылдан соң үйлену тойын дүркіретіп өткізген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тойдағы образдарына қанша ақша жұмсағанын айтты, – деп хабарлайды Kznews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жұлдызды жұп Revue News бағдарламасында айтып берді. Жұлдыз Өмірғали көптен күткен тойына екі қалыңдық көйлегін киді. Ол көйлектерін танымал қазақстандық дизайнерге арнайы тіктірткен. Жалпы той көйлегіне 2 млн теңгеден көп қаржы жұмсаған.

— Тойға екі көйлек дайындадым. Менің идеямды қолдаған Аруназ сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Қарпықова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бұрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге. Бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубайға ұшамыз, – деді Жұлдыз Өмірғали.

Әнші Айқын Төлепберген де тойға киген образын белгілі дизайнерге тіктіріпті.

— Менің киімдерімді дизайнер Аида Қауменова дайындады. Өзіме өте қатты ұнады. Көп күйеужігіт кие бермейтін басқаша образ болды. Қызыл түсті де дизайнердің өзі ұсынды. Жұлдызға берген уәдемді орындадым. Бірінші отбасымды тастамаймын. Үлкен ұлым қасымда отырады. Той қонағы – Алексей Чумаков. Жұлдызға арнап екеуіміз ән айтамыз, – деді ол.