Айқын ішеді — Жұлдыз Өмірғали (видео)

0

Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің екінші жары, актриса,  «Кешью» тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали «7 арна»-да жарыққа шыққан (видео сілтемеде):   «Жұлдыздың жары» бағдарламасына сұхбат берді. Бағдарлама жүргізушісі Қайрат Нұртастың жары—  Жұлдыз Абдукаримова. Ол сұхбатында балалық шағындағы қиындықтар туралы, жарының бұрынғы әйелі Әселмен қарым-қатынасы туралы және Айқын Жұлдыздың жеке ән жазуына неге қарсы екені туралы әңгімеледі. Жұлдыздың айтуынша, әкесі ішімдікке құмар болғандықтан бала күнінде отбасында жылу көрмеген.

«Ауылды мекендерде көбіне адамдар ішімдікке құмар болады. Соңында бәрі немен аяқталды? Бәрі сынып, отбасы жан-жақта, біз апа мен атаның қолында, анамыз басқа жақта, әкем өмірден озып кетті. Анам әкемнен көп таяқ жеді. Өлтіріп қоятын жағдайға да жеткен болатын», — дейді Жұлдыз.

Жүргізушінің «Айқын іше ме?»  деген сауалына,  «Иә,  Айқын ішеді.  Бірақ,  көтере алады. Оның бір ерекшелігі әр нәрсенің шегін біледі»  деп жауап берді Жұлдыз.