«Айқайлап жылаймын»: Қарақат Әбілдина қалай қиналып жүргенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Қарақат Әбілдина «Қарақатпен шай» бағдарламасын түсіру барысында қандай оқиғалар болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Өмірдің мәнін терең ұғынғысы келген әнші айналамыздағы жақындарымызға көңіл бөліп, мұң-мұқтажын, қиындығы мен қуанышын тыңдауға шақырады. Өнер жұлдызы «Қарақатпен шай» бағдарламасында сұхбат барысынды осы нәрсені ұғынғанын жеткізді.
«Өмір өтіп жатыр. Айналамызда таныс, туыс, дос көп. Ал олар қандай көңіл-күйде жүр, өмірінде не болып жатыр? Неден қиналып, нендей ой кешуде? Мән бересіз бе? Рас, жүр ме, жүр деп аса көңіл бөлмейтін кездеріміз көп.
Ал осы кезде біреудің денсаулығы нашарлап, біреу бір қиындыққа ұшырап жатқан шығар, енді бірі, тіпті, өмірінің соңғы күнін кешіріп жүруі де мүмкін. Сондықтан аптасына жоқ дегенде 3-4 таныс немесе туысыңа жай ғана xабарласып, xәл сұрасып қоюдың қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Осыны әдетке айналдырып, қалайда уақыт табу керек екенін ұғынасың», — дейді әнші.
Әрі қарай ол жұлдыздардың да жаны ауыратынын, бастан талай қиындықты кешіретінін айтты.
«Мен «Қарақатпен шайда» адамдармен жеке сұxбаттасамын. Бірді-екілі өзімнің әріптестерім де келді. Шыны керек, күнделікті өмірде ол адамдарда бәрі тамаша сияқты көрінеді. Ал жақын әңгімелесе келе, кейбірінің қаншалықты қиналыста жүргенін естіп, жаным ауырады. Тіпті, саxнада жадырап ән салып жүрген жанның «Үйден шыққым да келмейді, өзімді әзер сүйреп шығамын, бір жолым болмай-ақ қойды, айқайлап жылаймын» деген сөздерін естігенде, айналамызға дұрыс мән бермейтінімізге тағы да көзім жетті», — дейді Қарақат Әбілдина.
stan.kz