«Айқайлама, айтқанымды істе!»: Алматыда әншіге шабуыл жасалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

95 0 0

Алматылық полицейлер аз уақыт ішінде күдіктіні қолға түсірді. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық әнші Уатхан Заханқызының көлігіне белгісіз ер адам отырып, байлап, зорламақ болды. Полиция күдіктіні аз уақыт ішінде қолға түсірді.

Уатхан Заханқызына шабуыл жасалғанын «НеМолчиKZ»  қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің  Facebook-тегі парақшасында жазған.

«Қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні шамамен 23:30 кезінде Алматыда, қаланың дәл ортасында әйелге шабуыл жасалды. Ол көлігін оталдырып отырған кезде қасына белгісіз адам келіп, мойнына пышақ тақап: «Айқайлама, айтқанымды істе!» деген», — деп жазады Таңсәрі.

Ер адамның бетінде маска, қолында қолғап болған. Ол әйелдің телефонын алып қойып, өзі айтқан бағытпен жүруін талап еткен. Медеу ауданының жеке секторына жеткенде қаскөй әйелдің қолын байлап, телефонынан картасындағы ақшаны алған. Кейін әйелді зорламақ болыпты.

«Алайда әйел өзінің аяғы ауыр екенін (алдауға тура келді) айтып, олай істемеуін өтінген» — дейді Дина Таңсәрі.

Бұдан соң да кетпей, әйелдің көлігінде отырып, қаланы кезген. Бұл кезде әншінің бір қолы байлаулы болған.

Бірнеше сағаттан кейін ұры Рысқұлов даңғылында түсіп қалған. Бұл кезде қаскөй ең басты қателігін жасады. Бетіндегі маскасын шешіп, тағы біраз уақыт бойы әйелмен сөйлесіп отырған. Бұдан соң таксимен кетіп қалған.

Зардап шегуші полицияға хабарласқан кезде тағы бір әйелден арыз түскенін білген.

«Полицияға әйелдерден ұрлыққа қатысты арыз түсті. 20 желтоқсан күні Желтоқсан – Жамбыл көшелерінің қиылысында әйелдің 236 мың теңгесі ұрланды. Екі аптадан соң, 11 қаңтар күні ұры тағы бір қылмыс жасады. Ер адам зардап шегушінің көлігіне мініп, 70 мың теңгесін қолды еткен», — деп жазылған Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Екі оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 191-ші («Тонау»)және 192-баптарына («қарақшылық») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бірінші бапқа сәйкес, төрт жылға дейін, ал екінші бап бойынша жеті жылға дейін сотталуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.



sputniknews.kz