Айнұр Тұрсынбаеваның курсына қатысушылар елде үлкен шу шығарды

0

ByБелгілі ақын Айнұр Тұрсынбаеваның курсына қатысу үшін жазылған халық топқа қосыла алмай, курстан құр қалғандарын айтқан.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, ақынның өзі желіде оқу курсы жайлы қысқа ғана жазба қалдырған.

«Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам… Сол адамдардың ниеттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын… Тағы бір сабақ бітті… Көңіл-күйлеріңіз қалай?» деп жазды ақын.

Алайда желіде халық курсқа ақшасын төлегенмен, қатыса алмағандығын айтуда: Олар: «Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады».

Фото:globalnews.kz