Айнұр Тұрсынбаева: «Тамақты көшеден ішіп келемін, «келін, шай қайда» деген бізде жоқ»

Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.
«Біз бірге тұрмаймыз. Ұлымнан бөлек тұрамын. Келініммен алғаш танысатын кезде ең бірінші құдаларым жақсы кісілер болса екен деген ойда болдым. Мен тура армандағандай Мадинаның ата-анасы өте таза адамдар. Мен Мадинаға мен түнде келе жатқанда үйді жинап, есің шығып мамаға былай жасаймын десең онда сенде еркіндік болмайды қалады деймін. Көп адам менімен келіспейтін шығар, әркім өз отбасында өзі біледі. Бекланның үйіне баратын болсам, тамақты көшеден ішіп келемін. «Келін, шай қайда? Неге шай бермейсің?» деген бізде жоқ. Ұйқың келіп тұр ма, ұйықтап ал деймін. Келін мынадай уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалағанынша өмір сүру керек. Өз жұмыстары бар, бизнестері бар, балалары бар», — деді Айнұр Тұрсынбаева.