Айнұр Тұрсынбаева мен «Дәулеттен» Гамбияда құдық орнатты

0
1885

Dauletten мен «Айдың нұры» қайырымдылық қоры Африкада судан тапшылық көріп отырған тұрғындарға құдық салып берді. Бұл туралы Dauletten қорының жетекшісі Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оның айтуынша, құдықты орнатуға көп қаржы жұмсалмаған.

«Африкадағы Гамбия еліндегі мұсылман бауырларға біздің қордан ішетін су. Су — тіршілік көзі. Біздің елде қаншама жан суды ысырап етеді. Кранды жаппайды, шелектеп төгеді. Ал мына бір қуанышқа себепкер болу — ерекше сезім. Себебі оларға керегі — ішетін ауыз су. Бұл біздің қордың, сіз бен біздің әлемді құтқаруға қосқан кішкене болсын үлесіміз. Ойлаңыздаршы, тек Африкада 235 миллион адам судың жоғынан өліп кету қатерінде тұр. Соның ішінде тең жартысы балалар. Ағзамыздың өзі 80% судан тұрады. Осындай керемет іске қолқа болған @aidyn_nury-на рақмет. Себебі Айнұр ханымға Африкадан көмек сұрап хат жазғандар болды. Айнұр ханым бастады, @dauletten_qory басшылығы қостады. Жақсылық жасап жарысайық! Ең бір қызығы бұндай құдыққа миллиондап ақша кетпейді. Анау мынауымен 1000$ ғана жеткілікті. Есесіне қаншама жанның қуанышына сеп болдық», – дейді ол.