Айман Омарова Дулат Ағаділдің өлімі туралы істі жүргізуден бас тартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал заңгер Айман Омарова Нұр-Сұлтандағы түрмеде көз жұмған қоғам белсендісі Дулат Ағаділге қатысты істі жүргізуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Сонымен қатар, Айман Омарова істен бас тартуының себептерін атап көрсетті.

«Біріншіден, бастапқыда марқұмның туғандары мені жаңылыстырып, олардың адвокаты жоқ екеніне сендірді. Қазіргі уақытта маған отбасының мені санамағанда, екі адвокаты бар екені белгілі болды, біреуінің Дулат Ағаділдің жесірімен келісім-шарты бұзылмаған», — деп жазды заңгер.

Оның ойынша, марқұмның анасы мен балалары Ағаділдің жесірінің басқа адвокатпен келісім-шарты бұзылмағанын білмеген.

Сонымен қатар, Ағаділдің жұбайы Айман Омаровамен кездескен кезінде оған адвокаты бар екенін және келісімшарт бұзылмағанын айтпаған, керісінше,  адвокаты жоқ екендігіне сендіруге тырысқан.

«Екіншіден, адвокат таңдауда марқұмның туыстарының әрекеттерінің сәйкес келмеуі. Мен Дулат Ағаділдің анасының мүдделерін білдірдім. Жоғарыда айтылғандай, Ағаділдің жесірін бір рет көрдім. Содан кейін ол әңгімеде М.Әбілязовпен ынтымақтастық туралы айтты, мен одан бас тарттым, М.Әблязовтың құқық қорғаушы да, адвокат та емес екенін түсіндірдім. Әйел жеткілікті түрде хабардар емес, адам құқықтары саласындағы қызметті нақты істі саяси мақсаттарда пайдаланудан ажыратуға қабілетсіз деп пайымдай отырып , бұған мән бермедім. Қазіргі уақытта барлығы айқын болды. Әлеуметтік желілерде бірде-бір жазба жазбаған жесір әйел кенеттен пайда болды және оның алғашқы жазбасы күйеуінің қайтыс болуына қатысты сезімі мен уайымы туралы болмады. Жазба жала жабу түрінде болды, мұндағы басты хабарлама — менің ол көрсеткен адам құқықтарын қорғау ұйымымен жұмыс істегім келмейтіні. Сонымен қатар, ол өзінің келісімшартты бұзбаған адвокаты бар екенін мойындайды, бірақ бұл ретте тағы бір адвокаты (ақылы негізде) бар екенін жасырып отыр. Әрі қарай, жесір әйел істің қалай жүргізіліп жатқанынан бейхабар екенін айтады (оған екі адвокат жалдаған). Шамасы, оның адвокаты емес — мен, оның алдында жауап беруге міндеттімен деп ойлайды», — деді Айман Омарова.

Заңгердің ойынша, мұндай теріс пікірдің өршуі ол айтқан ұйыммен және тұлғалармен ынтымақтасуға деген талаптарынан бас тартуына байланысты. 

«Осы уақытқа дейін ешкім мені біреудің талаптарын орындауға мәжбүрлей алмады. Болашақта та солай болады», — деп атап өтті Айман Омарова.

«Үшіншіден, менің атым саяси ойындарда қолданылғанын қаламаймын. Мен заңгер және құқық қорғаушымын, бірақ кез-келген саяси топтың жағында бола алатын немесе Дулат Ағаділдің өлімін адам құқығын қорғау мақсатында өз мүдделеріне пайдалануға тырысатын қуыршақ емеспін.

Төртіншіден, мен іске тегін кірістім, анасына бас тарта алмадым, бірақ қазір болып жатқан жағдайлар маған қызмет көрсетуді тоқтатуға барлық құқықты береді. Өтінемін, одан әрі менсіз ойнаңыздар, мен бұл спектакльге қатысқым келмейді», — деп қорытындылады заңгер. 
 

stan.kz