Аймағамбетов мұғалімдер үшін аса маңызды құжат қабылданатынын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заң жыл соңына дейін қабылданады деп жоспарланып отырғанын атап өтті    

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жыл соңына дейін мұғалімдер үшін аса маңызды құжат қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біздің парламенттегі жұмысымыз әлі аяқталған жоқ. Сәтін салса, бейсенбі күні сенатқа барып, бірнеше заңды депутаттардың қарауына шығарайын деп жатырмыз. Соның ішінде «Педагог мәртебесі туралы » заң жобасы да бар. Бұл заң біз үшін маңызды, мемлекет үшін маңызды, біздің әріптестеріміз – мұғалімдер үшін аса маңызды. Сондықтан осы заң қабылданса, келесі жылы біраз шаруаны іске асырамыз», — деді Аймағамбетов журналистерге берген сұхабатында.

Министрдің айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы » заң қабылдануы тиіс. Ол үшін сенат оны бірден екі оқылымда мақұлдауы қажет. Одан кейін заңға мемлекет басшысы қол қояды.

«Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленді

Білім және ғылым министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеп, мәжілістің қарауынан өткізді. Осы құжаттың негізгі бағыттары:

  • Халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық айлық мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу;
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогке 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2019 жылы 2,5 миллион теңгеге тең) біржолғы төлем беру;
  • 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп мұғалімдері үшін нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету;
  • Магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (25 250 теңге) қосымша ақы енгізу;
  • Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру.

Тағы оқыңыз: Бес жылда білім саласы қалай өзгереді – министр жаңа бағдарламаны таныстырды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын біртіндеп екі есе арттыруды тапсырды. Осылайша, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі.



sputniknews.kz