Аймағамбетов: «Бір-бірімізге дайын сұрақтар қоймай, ашық сөйлесейік!»

0

«Бір-бірімізге дайын сұрақтар қоймайық». Бұл пікірді ҚР Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Семей тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Arnapress.kz хабарлауынша, кездесу барысында министрден «мектепте қандай үйірмеге қатыстыңыз» деп сұрады. Асхат Аймағамбетов мұндай алдын-ала дайындалған сұрақтарды қоймауға шақырды.

«Мұндай сұрақтар қойылмауы керек. Біз Жаңа Қазақстан деп айтамыз. Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз. Бұл ең алдымен бұл білім беру саласынан басталады. Бір-бірімізге дайын сұрақтар қою тіптен ұят. Мен сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Проблемалық сұрақтар бар ма? Әрине, бар. Біз бұл мәселелерді талқылап, шешуге тырысамыз. Мектептегі материалдық-техникалық базаға қатысты, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына, аттестацияға қатысты сұрақтар өте көп. Бізге соларды қойыңыздар, біздің сапарымыздың басты мақсаты – келу, ашық сөйлесу» — деді министр.