Айлық есептік көрсеткіш сомасы өседі
Қысқа сілтеме алу
Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды
АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Қазақстанда бірінші сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге болып бекітілді. Бұл туралы брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді.
Мұндай шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.
Соған сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңге (өзгерістер енгізілгенге дейін — 38 636 теңге), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (31 183 теңге болған), базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңгені (16 839 болған), ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңгені (өзгеріссіз қалды) құрайды.
sputniknews.kz